{metadescription}
Павлодар тас жолындағы апат: жүргізуші тірідей жанып кетті

Павлодар тас жолындағы апат: жүргізуші тірідей жанып кетті

Павлодар қаласы маңындағы тас жолда жантүршігерлік көлік апаты болды: "Лада" мен "ГАЗель" жүк көлігі соқтығысып, өртке оранған, жүргізушілердің бірі қаза тапты, деп хабарлайды Павлодар облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.


Полиция мәліметіне сүйенсек, апат жұмаға қараған түні болған – 19 қазан сағат 00.20-де Павлодар — Семей тас жолында Байдалы ауылына жақын жерде. 

Қатты соққыдан "Лада" өртеніп, жалын "ГАЗель" көлігін де шарпыды, салдарынан екі көлікте түгі қалмай жанып кеткен. "Лада" жүргізушісі өртке оранған көлікте қаза тапты.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, соның салдарынан абайсызда болған адам өлімі) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

 "ГАЗель" жүргізушісі дәрігерлердің көмегінен бас тартыпты.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде