{metadescription}
0:000:00

ВИДЕО: Ханзада Гарри құшақтаған 19 жасар қыз жылап жіберді

Автралияда Гарри мен Меганды тағатсыздана күткен болатын.

Британдық король отбасының табынушылары таң атпай Мельбурннің ботаникалық бағының алдына жиналды. Олар ханзада гарри мен оның жүкті келіншегі Меганды көруге асықты.

19 жастағы Индия Броунның бұл күні арманы орындалды.

Ол Жоғары мәртебелі қонақты құшақтағысы келетінін айтты.

Гарри бірден келісіп, оны құшақтаған кезде, қатты толқыған бойжеткен жылап жіберді.

"Гарри мені құшақтады, ол сондай... мен бұл отбасын жанымдай жақсы көремін, сегіз жасымнан бері олардың артынан бүкіл әлемді шарлап жүрмін. Енді міне, мүмкіндігі туды, ниетім ғана болған еді. Бұндай болады деп тіпті ойламаған едім, әрине, бұл әрекет ережеге сай емес, дегенмен керемет! Ол маған жәй ғана қолын тигізген жоқ, расымен де құшақтады!"

Австралияға сапар  - халықаралық сапардың алғашқысы. Бүгін Гарри мен Меган серферлармен кездесіп, Fluro Friday - толқынды бағындыратындардың апталығына қатысты. 

Автралиядан бөлек, тынықмұхиттық саяхаттың бағдарламасына Жаңа Зеландия, сондай-ақ Фиджи және Тонга аралдары енеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде