{metadescription}
Алматыда «Магнум» супермаркеті өртенді

Алматыда «Магнум» супермаркеті өртенді

Алматыда Жетісу-3 шағын ауданында орналасқан «Магнум» супермаркеті отқа оранды.

Тілсіз жау шыққаны туралы сағат 06:56-да хабарланды. Бірінші өрт сөндіру қызметкерлері жеті минут ішінде сағат 07:03-те бірден оқиға орнына келген. 

«Анықтағандай, екі дүңгіршек өртеніп, артынша жалын кіреберіс бөлігінің шатырына өткен. Ғимараттың түстігіндегі қабырғасына да зақым келген. Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекеттерінің нәтижесінде өрттің көршілес дүңгіршіктерге өтуіне жол берілмеді», - деп мәлімдеді Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Өрт сағат 07:29-да ауыздықталып, 07:38-де толықтай сөндірілді. Өрт алаңы 70 шаршы метрді шарпыған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде