{metadescription}
1 қаңтардан бастап тіркелмеген абоненттер өшіріледі

1 қаңтардан бастап тіркелмеген абоненттер өшіріледі

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалардың абоненттік құрылғыларын міндетті түрде тіркеу тәртібі қолданысқа енеді.

Яғни, азаматтар ұялы телефондарының IMEI-коды мен сим-картасын және өзінің ЖСН-ін тіркетуі қажет, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі. Тіркелмеген абоненттерге байланыс қызметі көрсетілмейді. Осыған байланысты, азаматтар байланыс құралдарын жылдың аяғына дейін тіркеуден өткізуі керек.

Ұялы байланыс филиалдарында қарбалас туғызбас үшін ертерек тіркелу туралы кеңес береміз. Бұл бірінші кезекте азаматтардың мүддесін қорғау үшін жасалып жатқан шара. Егер тіркелген телефон ұрланған жағдайда, оны байланыс операторлары бұғаттай алады. Ол үшін IMEI-код базада ұрланғандар тізімінде болуы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде