{metadescription}
Қостанайда 18 жастағы бозбала жоғалып кетті

Қостанайда 18 жастағы бозбала жоғалып кетті

Қостанай тұрғыны Антонина Бурлакова ұлының жоғалып кеткенін айтқан.

18 жастағы Сергей Бурлаков 20 қазанда үйінен шығып кеткен. Анасының айтуынша, ол Садчиков ауылындағы дос қызына кетіпті.

«Қыздың анасымен сөйлестім. Олар ұлымды Қостанайға салып жіберген. Бірақ үйге әлі келмеді. Хабарласпаған жерім қалмады. Оның жұмыс істейтін жерінен де сұрадым. Қайда хабарласып, сұрасам да ұлым еш жерде жоқ. Қатты уайымдап жатырмын», – дейді жоғалып кеткен бозбаланың анасы.

Сергей қалта телефонын үйге тастап кеткен. Үстіне қара күртеше, трико және көк түсті кроссовки киген.

Дереккөз: sn.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде