{metadescription}
Жол апатынан 9 адам қаза тапты

Жол апатынан 9 адам қаза тапты

Өзбекстандағы Гузар - Бұқара - Нүкіс - Бейнеу А-380 халықаралық көлік магистралінде болған екі жол-көлік апаты болды.

Салдарынан 9 адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды, деп хабарлады сейсенбі күні Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігі. Министрліктің мәліметтерінше, 22 қазан күні А-380 көлік магистралінің екі учаскесінде - Қарақалпақстан автономдық республикасы мен Жизақ облысында күндіз адам өліміне  соқтырған екі жол апаты болды. Сағат 08:05-те (жергілікті уақытпен сағат 6:05) Қарақалпақстанның Беруний ауданының аумағында Daewoo Nexia мен Chevrolet Cobalt жеңіл көліктері соқтығысқан.

«Жол-көлік апаты салдарынан бес азамат қаза тауып, тағы бесеуі дене жарақаттарын алды», - делінген ТЖМ-нің Telegram-арнасының хабарламасында.

Зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілді. Сол күні жергілікті уақытпен сағат 10:00-де А-380 күре жолының 333-ші шақырымында, Жизақ облысының Жондор ауданында Chevrolet Lacetti жеңіл көлігі мен Isuzu жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көлік өртеніп кеткен.

«Жол апатынан 4 адам ажал құшты», - деп хабарлайды министрліктен. Қазіргі кезде жол-көлік апаттарының себептері бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, деп қосып өтті ТЖМ-нен. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде