{metadescription}
Алматыда күзетшінің қолы мен мұрнын сындырып, соққыға жыққан

Алматыда күзетшінің қолы мен мұрнын сындырып, соққыға жыққан

Полиция қызметкерлері Алматыда қонақүй күзетшісінің мұрнын сындырған еркекті ұстады.

Оқыс оқиға «Қазақфильм» шағынауданындағы қонақ үйлердің бірінде болған. Күзетші ғимаратқа кірмекке әрекеттенген екі ер адамның алдын бөгейді.  Мас күйде болған екеуі күзетшіні соққының астына алған. Бұл видео Instagram желісінде жарияланды. 

«Қылмыстық іс материалдарына сəйкес, екі мас адамды күзетші қонақ үйге кіргізбеген. Оған шамданған екеуі күзетшіге қол көтереді. 30 жастағы күзетші қолы мен мұрны сынып ауруханаға жеткізілді. Жүргізілген жедел іздестіру шараларының арқасында 25 жастағы Алматы тұрғыны мен 28 жастағы Ресей азаматы ұсталды. Екеуі де қазір уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деді  Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы  Дəурен Өтебаев.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 293 бабының 2 тармағы және 107 бабының 2 тармағы бойынша жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс сотқа жолданады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде