{metadescription}
Астанада автобус оқушы қызды қағып өлтірді

Астанада автобус оқушы қызды қағып өлтірді

Бүгін елордада қайғылы оқиға орын алды.

Астанада автобус жүргізушісі Кенесары көшесінің бойында жасөспірімді қағып, мерт қылды. Астана ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі осы мәліметті растады. Жол оқиғасы салдарынан 2003 жылы дүниеге келген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім қыз сол жерде қаза тапты.

«23 қазан күні шамамен сағат 14-10-та Кенесары көшесінде орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.

Ведомство ақпаратына сәйкес, №40 бағдар автобусының жүргізушісі Кенесары көшесімен келе жатып, жолды кесіп өтуге рұқсат етілмеген жерде жаяу жүргіншіні қаққан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде