{metadescription}
Қостанай тұрғынын балтамен өлтірген

Қостанай тұрғынын балтамен өлтірген

Қанды қылмыс Қостанай қаласындағы саяжайлардың бірінде жасалған.

Бұл туралы Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Саяжайда зорлық-зомбылық белгілері бар 32 жастағы адамның денесі табылды. Оны балтамен қинап өлтірген. Полиция өлімге күдікті адамды анықтап, ұстады.

«Белгілді болғандай, алкогольдік сусындарды бірлесіп пайдалану кезінде күдікті мен жәбірленушінің арасында қақтығыс пайда болған. Сол сәтте күдікті жәбірленушіні балтамен ұрған. Марқұм оқиға орнында қайтыс болған», - деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Полиция Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес «Адам өлтіру» бойынша алдын ала тергеу амалдарын жүргізуде.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде