Жоғалып кеткен қостанайлық жігіт табылды
Қостанайда 4 күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен Сергей Бурлаковты полиция қызметкерлері тапты.
11:49 24.10.2018
Қостанайда 20 қазан күні 18 жастағы Сергей Бурлаков үйінен шығып кеткен. Бұған дейін хабарлағанымыздай ол анасына Садчиков ауылында тұратын дос қызына баратынын айтқан. Қыздың анасымен сөйлесіп, олар Сергейді Қостанайға салып жіберген. Алайда ол үйіне оралмаған.
Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер Сергей Бурлаковтың 4 күн бойы таныстарында болғанын анықтады. Ол отбасындағы кикілжіңнен кейін үйінен кетіп қалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!