Оқушылар отырған автобус суға батып, 10 адам қаза тапты
Иорданияда мектеп автобус апатқа ұшырады.
Фото: aa.com.tr.
08:43 26.10.2018
Салдарынан он адам мерт болды. Қайғылы жағдайдың орын алуына Өлі теңіз ауданындағы су тасқыны себеп болған. Иорданияда мектеп оқушылары автобуспен экскурсия жасап жүргенде су тасқыны тап болып, суға батып кеткен.
Иордания азаматтық қорғаныс басқармасының мәліметтеріне қарағанда, автобуста барлығы 44 адам, оның ішінде 37 оқушы болған. Құтқарушылар 12 жоғалып кеткен адамды іздеуде. Іздеу жұмыстарына тікұшақ жұмылдырылған. Қолайсыз ауа райы Иорданияның кейбір аймақтарында су тасқынына алып келуі мүмкін деген болжамдар бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!