Джейкобс Деревянченконы нокдаунға түсіріп, IBF чемпионы атанды
Америкалық боксы Дэниэл Джейкобс укрианалық боксшы Сергей Деревянченконы жеңіп, орта салмақтағы IBF чемпионы атанды.
15:17 28.10.2018
Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Дэниел Джейкобс (35-2, 29 КО) төрешілердің шешімімен Украина боксшысы Сергей Деревянченконы (12-1, 10 КО) жеңіп, IBF орта салмақтағы (72,6 келіге дейін) бос титулына ие болды.
Джейкобс пен Деревянченко арасындағы кездесу Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden-нің шағын аренасында өтті. Жекпе-жек жоспарланған 12-ші раундқа дейін жалғасты. Бірінші раундта украиналық боксшы нокдаунға түсті. Төрешілердің шешімі бірауыздан болған жоқ: Деревянченко пайдасына - 114-113 ұпай, ал Джейкобстың пайдасына екі рет 115-112 ұпайдан берілді.
Еске сала кетейік, белбеу ұйым оны Головкиннен тартып алған соң бос тұрды. Бұған қазақстандық боксшының рингте Деревянченкомен кездесуден бас тартқаны себеп болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!