Алматы облысында ірі жол апатынан 21 адам зардап шекті
Бүгін Алматы - Бішкек тас жолының 23-шақырымында көлік апаты болды.
16:48 28.10.2018
Зардап шеккен 21 адам Қаскелең қаласының ауруханасына жеткізілді.
«21 адам дәрігердің көмегіне жүгінген. Біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Ал алты адам ауруханаға жатқызылды. Қалғандары тексерілуде»,- деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.
Облыстық Полияция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, спринтер мен автобус соқтығысқан. Автобуста болғандардың ішінде зардап шеккендер жоқ. Ал спринтердегі жолаушылар ауруханаға жеткізілген.
«Қазір ҚР ҚК 345-бабы бойынша сот алды тергеу басталды. Іспен Қарасай ауданының полицейлері айналысып жатыр. Тергеу облыстық полиция департаментінің қатаң бақылауында», - деді аталған ведомствоның өкілі Көбейхан Нұрахметов.
Айта кету керек, жол-көлік апатының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Бейнежазбада барлық зардап шеккендер жерде жатыр. Видеоны 18 жасқа толмаған азаматтарға көруге болмайды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!