{metadescription}
Петропавлда жігітті көлік қағып, аяғын жұлып әкетті

Петропавлда жігітті көлік қағып, аяғын жұлып әкетті

Петропавлда жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан қала тұрғынын көлік қағып кетті.

Қатты соққыдан жас жігіттің аяғы жұлынды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жол апаты сенбі сағат 19.30 кезінде Қизатов көшесінде үшінші ауруханаға қарама-қарсы жерде болған. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті. Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апаты орын алғанын растады. Олардың айтуынша, жүргізуші көп ұзамай ұсталған. СҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаны растады, полиция жүргізушіні ұстаған. 

«Қизатов көшесінде жаяу жүргіншіні қағып, өзі қашып кеткен «Mitsubishi Montero Sport» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі қолға түсті. Қазір тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, жүргізуші мас болған», - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі.  

Аталмыш жол-көлік оқиғасы Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Жігітті соғып кеткен жүргізушінің рөлге мас күйінде отырғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта зардап шегуші ауруханада ауыр хәлде жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.