{metadescription}
Нөсер жауыннан 6 адам көз жұмды

Нөсер жауыннан 6 адам көз жұмды

13 адам ауруханаға жатқызылды.

Краснодар өлкесінде нөсер жауыннан зардап шеккендер саны 145 адамға жетті. Қатты жаңбыр мен сел салдарынан алты адам қайтыс болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазіргі кезде медициналық көмекке жүгінген адамдардың жалпы саны 50. Оның ішінде 11 бала, екеуі жүкті әйел. Нөсер жауыннан кейін 30 елді мекенді су басып, көлік жолдары және теміржол бүлінді. Түрлі аудандарда электр жарығы сөніп, газбен жабдықтау нашар жұмыс істеуде.

Туапсе қаласында 60 мыңнан астам адам сусыз  отыр. Төтенше жағдай енгізілген ауданда 5,3 мыңнан астам адам тұрып жатқан 2,4 мың үйді су басты. Қазіргі таңда билік органдары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде