{metadescription}
Түнгі клубта танымал рэперді соғып кетті

Түнгі клубта танымал рэперді соғып кетті

Мәскеу қаласында жексенбіге қараған түні Гуф деген атпен танымал рэпер Алексей Долматовты сабап кетті.

Оқиғадан зардап шеккен Алексей Долматов ауруханаға барудан бас тартқан. Оқиға Мәскеу түнгі клубтарының бірінде болған. Гуф би алаңында белгісіз бір ер адаммен төбелесіп, арты қонақтардың жанжалына ұласқан.

Танымал рэпер орын алған жағдайға қатысты полицияға арыз түсірген. Мәскеулік ІІМ басқармасында оқиға жөнінде полицияға шағымның келіп түскенін растаған. Алайда зардап шеккен адамның атын атамай қойды. Алексей Долматовтың өзі ол адамды танымайды. Долматовқа қолдау көрсетуге полиция бөліміне  «А-Студио» тобының әншісі, рэпердің құрбысы Кэти Топурия келді.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.