Қазақстандық шабуылшы ресейлік форвардпен жаға жыртысты
Төбелесте қазақстандық басым болды.
10:54 29.10.2018
Қазақстан құрамасы мен өскемендік "Торпедо" шабуылшысы Евгений Рымарев Жоғары хоккей лигасы (ЖХЛ) тұрақты чемпионатының матчінде ресейлік "Саров" командасының форварды Михаил Смолинмен төбелесті. Ойыншылар матчтің 55-ші минутында қолғаптарын шешті.
Төбелесте Рымарев қарсласын жеңді, осыдан кейін қазақстандық 15 минуттық айыппұл алып, шешінетін бөлмеге кетті. Ал Смолин 7 минутқа шеттелді. Матчтің өзі "Торпедоның" жеңісімен аяқталды - 6:1. Бұл ойында Рымарев нәтижелі ойын көрсетпеді, алайда, бұған дейін 18 ойында тоғыз ұпай жинаған (2+7).
Дереккөз: Vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!