{metadescription}
Индонезияда теңізге құлаған ұшақта қазақстандықтардың бар-жоғы анықталды

Индонезияда теңізге құлаған ұшақта қазақстандықтардың бар-жоғы анықталды

Таңертең индонезиялық Lion Air авиакомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы теңізге құлады. 

Индонезиядағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың ішінде Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров хабарлады. 

«Индонезияда Төтенше жағдайлар министрлігінің берген мәліметіне қарағанда құлаған ұшақта Қазақстан Республикасының азаматы жоқ», - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске салайық, Индонезияның Lion Air әуе компаниясының жолаушылар ұшағы бүгін таңертең апатқа ұшырады. Бортта экипажбен қосқанда 188 адам болған. 
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде