{metadescription}
Оралда автокөлік қағып кеткен ер адам көз жұмды

Оралда автокөлік қағып кеткен ер адам көз жұмды

Оралда бүгін автокөлік ер адамды қағып кетті.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға Достық даңғылы бойында Ю.Гагарин аялдамасы маңында орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жеңіл автокөлік шамамен 60 жастағы ер адамды қағып кеткен. Жедел жәрдемге қоңырау сағат 07.44-те шалынып, бригада бес минуттан кейін оқиға орнына жеткен. Бас пен мидың ашық жарақатын алған ер адам жедел жәрдем көлігінде, ауруханаға жетпей қайтыс болды», деді А.Сақпосынова.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде биылғы тоғыз айда жаяу жүргіншілердің қатысымен 97 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 10 адам қаза тауып, 91-і жарақат алғанын жазған болатынбыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде