Илья Илин карьерасын аяқтауы мүмкін
Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин 1 қараша күні Түрікменстан елінің астанасы Ашхабадта басталатын әлем чемпионатына қатыспайтын болды.
13:39 29.10.2018
Мұндай шешім денсаулық жағдайына байланысты.
«Бұл жаңалықты Қазақстан халқына қалай айтуды ұзақ ойландым, әлем чемпионатына қатыспайтынымды. Ақыры айтуды ұйғардым. Омыртқамдағы жарақатыма байланысты әлем чемпионатына қатыспайтын болдым. Айтарлықтай жарақат деуге болады. Осы жарақатқа орай ары қарайғы спорттағы карьерамды да жалғастыру мәселесі сұрақта тұр. Ашхабадқа жаттықтырушы болып барамын. Тұғырға Нижат Рахымовты алып шығамын. Себебі біз бір жыл бірге жаттықтық. Зульфия Чиншанломен де. Командадағы жаттықтырушыларға көмектесемін.», - деді Ильин SportX.kz сайтына берген сұхбатында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!