{metadescription}
Көкшетауда зейнеткер 5-қабаттан секіріп кетті

Көкшетауда зейнеткер 5-қабаттан секіріп кетті

Көкшетауда зейнеткер бесінші қабаттан секіріп, мерт болды.

67 жастағы Николай есімді қарияның қазір не үшін ондай қадамға барғанын полицейлер тексеріп жатыр. Оқиға түнгі сағат екілер шамасында болған. Көпқабатты үйдің 5-қабатында тұратын қария пластикалық терезеден өзі секіріп кеткен. Жоғарыдан құлаған ол төмендегі азық-түлік дүкені қоймасының үстіне түсіпті.

Темір қаңылтырлы шатыр ойылып қалған. Туысқандары жедел жәрдем шақырғанымен, зейнеткер бірден тіл тартпай кеткен. Полиция қазір қарияның өліміне қатысты сараптама тағайындап, тексеріп жатыр. Марқұмның өзін өзі өлімге қию себебін толығырақ КТК телеарнасынан сағат 19:30-да кешкі жаңалықтардан көре аласыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде