{metadescription}
Жеңіліп қалған боксшы бапкерін ұрып жіберді

Жеңіліп қалған боксшы бапкерін ұрып жіберді

Грузиялық боксшы Леван Шония (15-12, 11 КО) болгариялық Спас Геновтан (10-0, 7 КО) жеңілгеннен кейін өз бапкеріне қол жұмсады.

Грузин боксшысы Леван Шония рингте жеңіліс тапқанына ызаланып, ашуын бапкерінен алмақ болған сыңайлы. Орта салмақтағы боксшылар жекпе-жегі Софияда бес мың адам жиналған орында өтті. Төрешілер шешімі бойынша Генов жеңіске жеткен. Гонг соғылғаннан кейін Шония қарсыласын тағы да жұдырықтасуға шақырған, ал рингке оның бапкері шыққанда боксшы оған қол жұмсады.

Бапкері де шәкіртін сабасына түсірмек болып, жағынан салып жіберген. Леван Шония спорттық мансабында осымен жиырмасыншы рет жеңіліп отыр. 34 жастағы Шония кәсіпқой рингте 2006 жылдан бері жұдырықтасып келеді.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.