Қосатанай облысында ауылдасын бауыздап, мәйітін жертөлеге лақтырған
Ер адам ауылдасын бауыздап тастаған.
10:37 30.10.2018
Денисов ауданындағы Окраинка ауылының 31 жастағы тұрғыны жалғыз тұратын зейнеткерді бауыздап, артынша мәйітін жертөлеге лақтырып тастаған. Сол күні Азамт Т. сау болмаған. Сөйтіп алкогольдік ішімдік іздеген ол зейнеткерге келіпті. Алайда, қария оған ақша беруден бас тартқан. Сол кезде қылмыскер зейнеткердің басынан табуретпен бірнеше рет ұрып, тамағын кесіп, ары қарай мәйітті жертөлеге лақтырған.
Ісін бітірген соң айыпталушы үйдегі 26 620 теңге мен ұялы телефонды ұрлап кеткен. Алайда, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру кезінде қылмыскерді сол түні-ақ ұстады.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!