{metadescription}
Бразилияда жаңа президент сайланды

Бразилияда жаңа президент сайланды

Жаир Болсанору Бразилияның жаңа президенті болып сайланды.

Ол 55 пайыз дауыс жинады, екінші кезеңде сол Партияның атынан түскен Фернанду Аддадтан басым түсті. Ол 45 пайыз дауыс жинаған еді. Дауыс қорытындысы жарияланған соң Аддад оппозицияға кететінін мәлімдеді. Жаңа президент өз қызметіне 2019 жылдың 1 қаңтарында кіріседі. Ол 4 жыл ел басқармақ. 

Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев Жаир Мессиас Болсонаруға Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Жаир Мессиас Болсонаруды Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. 

«Қазақстан мен Бразилия арасындағы ынтымақтастық халықтарымыздың жарқын болашағы үшін одан әрі дами түсетініне кәміл сенемін. Сізге зор денсаулық және жауапты қызметіңізге мол табыс, ал достас Бразилия халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде