{metadescription}
Роналду Instagram желісінде ең танымал пайдаланушы атанды

Роналду Instagram желісінде ең танымал пайдаланушы атанды

«Ювентустың» шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram әлеуметтік желісінің ең танымал пайдаланушысы атанды.

Роналдудың парақшасын 144,3 миллионнан астам адам оқиды. Осыған дейін Instagram әлеуметтік желісіндегі ең танымал тұлға – америкалық әнші Селена Гомес болған еді.  29 қазанда танымал әнші Селена Гоместің оқырмандарының саны 144,33 мың адамға жетті. Ал Роналдудың оқырмандары 144,36 мыңнан асып, рекордты межеге жетті.

Айта кетейік, Роналду спортшылар арасында бірінші орында тұрса, барлық атақты жұлдыздың ішінде Instagram желісіндегі бір жарнама жарияланым үшін футболшы ақшалай сыйақы бойынша үшінші орында. 2017 жылдың басында Роналду Instagram желісінде 100 миллион оқырман жинай алған алғашқы ер адам деп танылған еді. 

Еске салайық, биылғы шілдеде Роналду туриндік «Ювентуспен» 2022 жылға дейін келісімшартқа отырған. Келісім сомасы 112 миллион еуро болды. Журналистердің есептеуінше, португалиялық футболшы секундына бір еуро табыс табады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде