{metadescription}
Оралда тұрғын үй отқа оранды

Оралда тұрғын үй отқа оранды

Орал қаласында тұрғын үйден өрт шықты.

Батыс Қазақстан облыстық ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше А.Матросов көшесі, 31-мекенжайында орын алды. Өрттің болып жатқаны жөнінде сағат 16.28-де хабар түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол 1960 жылғы азаматшаға тиесілі 120 шаршы метрлік үйдегі жеке заттардың жануынан басталған. Алдын ала мәліметке қарағанда, электр сымдарының тұйықталуынан шыққан от қатты жанған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер дереу жетіп, «тілсіз жауды» ауыздықтауға барлығы 7 техника, жеке құрамнан 21 адам жұмылдырылды.

Өрт сағат 17.54-те оқшауланып, 19.44-те сөндірілді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттен келген шығын, кінәлілер анықталу үстінде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде