Алматыда «Қазақфильм» жанында өрт шықты
Алматыда «Қазақфильм» киностудиясының ғимараты аумағында өрт болды.
21:03 30.10.2018
Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, 30 қазанда 16:54-те Бостандық ауданы әл-Фараби даңғылы 176, «Қазақфильм» АҚ мекенжайында декоротивті контейнердің өртенгені туралы хабар түсті.
«Жалын аумағы 50 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілердің алғашқы тобы 17:04-те жетті. Тілсіз жаудың таралуы 17:11-де тоқтатылып, 17:20-да толығымен ауыздықталды», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Сонымен қатар, өрт сөндіруші мамандар өрттің басқа да ғимараттарға көшуін тоқтатқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!