{metadescription}
Моңғолия президенті аштық жариялайтынын мәлімдеді

Моңғолия президенті аштық жариялайтынын мәлімдеді

Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга егер Ұлы халық хуралы (парламент) өзін тарату туралы шешім қабылдамаса, аштық жариялайтынын, не қозғалыссыз ереуіл жасайтынын мәлімдеді.

Бұл жөнінде Bloomberg моңғол телеарнасына сілтеме жасап, хабарлайды. Баттулга экономикалық дағдарыстарға төтеп бере алмай келеді деп, парламентті сынға алған. Моңғолия президенті Халықаралық валюта қорынан көмек сұраған, бірақ үкімет ешқандай қолдау көрсетпеді.

Bloomberg мұны Баттулганың 2020 жылы өтуі тиіс парламент сайлауы алдындағы саяси жүрісі деп есептейді. Ол басқаратын Демократиялық партия парламенттен көп орын алуды көздейді. Қазір халық хуралында 25 пайыз мандатқа ие. Қалған мандат Моңғолия халықтық партияның қолында. Жергілікті сарапшылар президент өзінің әкімшілігі үшін де көп құзырет алғысы келеді дейді.

29 қазанда Баттулга парламентке мерзімінен бұрын өздерін тарату жөнінде хат жолдаған. Хатта парламент 2016 жылғы сайлау кезіндегі уәдесін орындамады, заңды бұзды делінген.

Дереккөз: centralasian.org

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде