{metadescription}
Алматыда жекеменшік үй өртеніп, 5 отбасы далада қалды

Алматыда жекеменшік үй өртеніп, 5 отбасы далада қалды

Алматыда бүгін түнде жекеменшік үй өртеніп, 5 отбасы далада қалды. 

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алмалы ауданы Варламов 7 мекенжайындағы жекеменшік үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түнгі 01:35-те түскен.

«Өрт сөндірушілер келген кезде 5 отбасы тұратын жекеменшік үйдің шатыры өртеніп жатқан. Өрттің жалыны қасындағы жапсарлас сарайды да шарпи бастаған. Жағдайдың қиындығына байланысты өрт сөндірушілер қосымша бригада шақыртқан. Тілсіз жаудың басқа да ғимараттарды шарпуының алдын алуға барынша күш салынды. Өрт 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Қызыл жалынның қызуы аулада тұрған «Toyota -Hilux-Surf» көлігіне зақым келтірді. Өрт 02:08-де сөндірілді. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ», - деді баспасөз қызметінен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде