{metadescription}

Экс-депутат бойжеткеннің суретін желіге жүктеп келеке еткен

Танылмал тележүргізуші Бибігүл Дәулетбек бойжеткеннің суретін жариялап, мазақ қылған экс-депутат Бердоңғаровқа шүйлікті.

Бұл туралы ол өзінің Instgram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Міне, біздің билік басында отырған еркексымақтардың сиқы! Мына қызды дүйім жұрттың алдына жариялап, бетін көрсеткенде бұрынғы экс-депутат не ұтты?», - деген журналист суреттегі қыздың қылығынан ешқандай әбестік байқамағынын айтады. 

Тіпті ұятты нәрсе жасаған күннің өзінде оны масқаралау адамдыққа жатпайды дейді ол.«Байғұс қыз: «алып тастаңызшы» деп жалынып сұраса, мына кеңкелес оны мазақ етіп отыр. Ұятың қайда кетті сенің Бердіоңғаров? Егер осы қыз өзіне қол жұмсаса, кім кінәлі болмақ?! Осы ма қазақтың еркегінің сиқы? Жөнге салғың келсе өзіңнен баста! Ал мына қызды осылай қорлағаның үшін, рұқсатсыз суретін салғаның үшін заң алдында жауап бересің!», – деп жазды Дәулетбек.

Айта кетейік, Бердоңғаровтың желіге жариялаған суретінде бойжеткен сары көйлек киіп, стаканды аяғына қысып, қол жайып отыр. Суретін алып тастауын өтінген қызды экс-депутат тіпті, келеке еткен. Десе де біраз уақыттан кейін бұл постты автор өшіріп тастады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Міне, біздің билік басында отырған еркексымақтардың сиқы! Мына қызды дүйім жұрттың алдына жариялап, бетін көрсеткенде бұрынғы экс-депутат не ұтты?! Тойдың үстінде отырған қонақ стаканын ұстапты, и не бопты?! Соны осылайша масқаралау керек пе? Байғұс қыз: "алып тастаңызшы" деп жалынып сұраса, мына кеңкелес оны мазақ етіп отыр. Ұятың қайда кетті сенің Бердоңғаров?! Егер осы қыз осы жариялымнан кейін өзіне қол жұмсаса, кім кінәлі болмақ?! Мүмкін бұл қыздың баласы бар шығар?! Кім ана тауып береді егер өліп қалса! Осы ма қазақтың еркегінің сиқы?! Жөнге салғың келсе өзіңнен баста! Ал мына қызды осылай қорлағаның үшін, рұқсатсыз суретін салғаның үшін заң алдында жауап бересің! Фу, мерзко🤢😡!

Публикация от Бибігүл ДƏУЛЕТБЕКҚЫЗЫ (@bibiguldauletbek)

Дереккөз: sn.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде