Павлодар облысында ірі кәсіпорын өртке оранды
Цехтің шатыры өртеніп, аумағы 500 шаршы метрге жетті.
17:46 31.10.2018
Павлодар облысы Успен ауданы Константиновка ауылында "РЭГ Тайм" шаруа қожалығында өрт шыққан. Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет хабарлағандай, аумағы 500 шаршы метр ірімшік өндіруші цехтің шатыры өртеніпті.
"Өрт 14:12-де ауыздықталды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан жеті адам мен екі техника жұмылдырылды. Және еріктілерден 30 жұмысшы мен жеті техника қосылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", — деп мәлімет берді Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Қазір өрттің себебі анықталып жатыр. "РЭГТайм" шаруа қожалығы – Қазақстандағы ең ірі ірімшік өндірушілердің бірі.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!