Головкин промоутерінің сүйікті боксшысы қарсыласын нокаутқа түсірді
Бұл жолы ол қарсыласын екі минутқа шыдатпады.
18:38 31.10.2018
Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын украиналық проспект Сергей Богачук (11-0, 11 КО) кәсіпқой рингтегі 11-ші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz. Промоутер Том Леффлердің (360/GGG/K2 Promotions) Калифорнияда өткізген Hollywood Fight Nights бокс кешінде Богачук колумбиялық Роналд Монтеспен (18-11, 16 КО) жұдырықтасты.
Жекпе-жек 1 минут 50 секундта аяқталды, Монтес нокдауннан кейін орнынан көтеріле алмады. Бұл 23 жастағы боксшының 11 жекпе-жегі, украиналық кәсіпқой рингтегі барлық қарсыласын нокаутпен жеңген
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!