Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегінің уақыты хабарланды
Головкин мен Канелоның үшінші кездесуі келесі жылы қыркүйекте болуы мүмкін.
01:10 01.11.2018
The Ring басылымы Майк Коппинджер қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің келесі жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін екенін айтты.
«Джейкобс, Канело сияқты, DAZN ТВ алаңқайында өтуі ықтимал. Бәлкім, сонда 4 мамырда Альвареспен бірінші жекпе-жекті өткізеді. Содан соң DAZN атқарушы директоры Джон Скиппер Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегін қыркүйекте көргісі келеді», — деп жазды Коппинджер.
Естеріңізге сала кетсек, боксшылар осыған дейін екі рет кездесіп үлгерді. Екеуі де қыркүйекте Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтті. Бірінші кездесуде даулы шешіммен тең аяқталған еді. Екіншісінде төрешілердің басым бөлігі жеңісті мексикалыққа берді. Қазақстандық спортшы кәсіпқой рингте алғаш рет жеңіліп, барлық белбеулерінен айырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!