{metadescription}

Атырау тұрғыны қаңғыбастардан 200 теңгеден алып, үйін жалға берген

Атырау полицейлері тұрақты мекенжайы жоқ адамдар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін аулалар мен жылу жүйелерінің бойын, сондай-ақ жертөлелерді тексеріп жатыр.

Алдын алу жұмыстары «Учаске» шарасы барысында жүзеге асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Тек бір күннің өзінде әлеуметтік бейімдеу орталығына 10 адам орналастырылды. Ал жыл басталғалы бұл мекемеге 113 тұлға жеткізілген.

«Мұндай санаттағы тұлғаларға арналған заңсыз жатақтардың бірі СМП-163 ықшамауданындағы үйде орналасқан. Үй қожайыны жазда 10-нан астам адамды қабылдайды. Полицейлер келген кезде үй жалдаушылар алкогольді ішімдік ішіп отырды. Осындай отырыстардың соңында көршілер «тыныштық бермеді» деп полицейлерге жиі хабарласады. Жалдамалы үй тұрғындарының өздері де кейде қылмыстан зардап шегіп жатады», - дейді учаскелік полицейлер.

 Полицейлер үй иесіне жауапкершілікке тартылатыны жөнінде кезекті рет ескерту жасап, мемлекеттік кірістер органдарына хабарлады.

«Жаз кезінде бір түнге қонып шығу үшін әрқайсысынан 200 теңгеден аламын. Олар құжаттарын көрсетпейді және талап етуге менің де күшім жетпейді», - дейді жетпісті алқымдап қалған үй иесі.

Видео авторы: Жаннат Жаннат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде