{metadescription}
Полицей батареяға байлап кеткен бұзақы күйіп, көз жұмды

Полицей батареяға байлап кеткен бұзақы күйіп, көз жұмды

Учаскелік полицей ер адамды түнде байлап кетіп, таңертең өлі күйінде тапқан.

Якутияда ұсақ бұзақылық үшін ұсталған ер адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды. Оқиға Андрюшкино ауылында болған.

Тергеу комитетінің мәліметі бойынша, түнде учаскелік полицей бұзақыны жылу радиаторына кісенмен байлап, кетіп қалған. Таңертең ер адам өлі күйінде табылыпты. Бастапқы деректер бойынша, ол қатты күйіп қалып, термикалық шоктан көз жұмған болуы мүмкін.  

Қазір сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ІІМ-нің өңірлік басқармасы хабарлағандай, ұсталған адам слесарь болып істеген екен, кісеннен босап шығу үшін, батареяның вентилін сындырған болса керек.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде