Париж әуежайында екі ұшақ соқтығысты
Франция астанасы Париждің «Руасси - Шарль-де-Голль» халықаралық әуежайында екі ұшақ соқтығысты.
13:41 01.11.2018
Бұл туралы француздық Le Parisien газеті хабарлады. Басылымның хабарлауынша, Air France Airbus A330-200 ұшағы, ол Сент-Мартен аралына ұшуға жоспарланған.
31 қазан күні Delta Air Lines әуе компаниясының лайнері ұшар алдында тұрған Air France-тың ұшағын келіп соққан. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
Air France лайнері Сен-Мартенге ұшуы тиіс еді. Осы оқиғадан соң рейс келесі күнге қалдырылды. Бұл оқиғаны Францияның Азаматтық Авиация Қауіпсіздігінің Тергеу және Талдау Бюросы қарастыруда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!