{metadescription}
Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?

Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?

Қазақстандықтар қыстың бірінші айында үш мейрамды атап өтеді.

2018 жылдың желтоқсан айында қазақстандықтар қосымша төрт күн, барлығын қосқанда 13 күн демалады. 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күні тойланады. Ол сенбіге түседі, сондықтан демалыс күні 3 желтоқсанға ауыстырылды. Осылайша қазақстандықтар 1, 2, 3 желтоқсан күндері демалады. 

16 және 17 желтоқсанда елімізде Тәуелсіздік күні тойланады. 16 желтоқсан жексенбіге түсетіндіктен, демалыс күні 18 желтоқсанға ауыстырылады. Осылайша қазақстандықтар 15, 16, 17, 18 желтоқсан күндері демалады. Ал, жаңа жыл төрт күн тойланады. 30 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін демалыс. 29 желтоқсан (сенбі) жұмыс күні, демалыс 31 желтоқсанға ауыстырылады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде