ФОТО: Освенцимде жантүршіктірер көрме ашылды
Освенцимдегі "Аушвиц-Биркенау" мемориалдық музейде суретші Дэвида Олердің көрмесі ашылды.
Фото: Reuters
08:00 02.11.2018
Дэвид гитлерлік тұтқындар лагерінде отырған.
Польшада туған француз еврейі зондеркомандада жұмыс істеген. Зондеркоманда дегеніміз, тұтқындардың арнайы лагері. Яғни нацистер құрбанын газ камерасына апарып, өлген адамдардың денесін жаққанда соның қасында жұмыс істеп жүрген.
Петр Цивинский, музей директоры:
"Ол адам нанғысыз оқиғаны айтып беріп қана қоймай, фото шығарып, суреттерін салған зондеркоманданың жалғыз мүшесі. Адамның жанын түршіктіретін оқиғаны ол осылайша бейнеледі".
Олер 1902-ші жылы Варшавада туған. Сурет салу өнерін оқып, Польша астанасындағы бейнелеу өнері академиясында оқыған. Ал 1943-жылы оны лагерьге жөнелткен.
Көрмеге суретшінің 80-нен астам жұмысы ұсынылған. Көптеген картиналар Франция, Израильден әкелінді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!