{metadescription}
ФОТО: Ғалымдар құлағы бар су жәндігін тауып алды

ФОТО: Ғалымдар құлағы бар су жәндігін тауып алды

Калифорния жағалауынан ғалымдар құлағы бар сегізаяқты тауып алды.

Өте сирек кездесетін су жәндігін тіпті видеоға түсіріп алуға мүмкіндік болған.  

Дамбо деп аталатын сегізаяқты теңіздің тереңдігінде зерттеу аппаратына түсіріп алыпты. «Ocean Exploration Trust» коммерциялық емес ұйымының ғалымдары оны Калифорния жағалауында су астындағы жанартау ортасын зерттеу үшін түсірген екен. 

Камераның алдында сирек кездесетін сегізаяқ құрылғыны басқарған адамдарға арнайы көрінгісі келгендей аппараттың алдыңда бұлғаңдап біраз жүрген. Оның түгі бірде жиырылып, бірде ашылып, бүктеліп, адамдарды таң қалдырды. 

Ғалымдар бұл әдемі жәндіктің көп ұзамай атақты болатынын айтты. Және олар қателеспейді. Бұл бейнеролик ұйымның YouTube арнасында жарияланғаннан бастап көптеген адамдар тамашалаған. Бір аптаның ішінде оны шамамен 300 мың адам көрді.

Теңіз тұрғыны Диснейдің пілінің құрметіне Дамбо деген лақап ат алды. Дамбо үлкен құлақтарын ұшуға пайдаланатын. Ғылыми атауы «Dumbo» - гримпотевтис. Бұл терең теңіз сегізаяғының сирек түрі, кейбірі 7000 метр тереңдікте кездеседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде