Димаш Құдайберген Forbes журналының тізіміне кірді
Димаш Құдайберген әйгілі “Форбс” журналының тізіміне кірді.
Фото: en.wikipedia.org
13:00 02.11.2018
Басылым 30 жасқа дейін жетістікке жеткен қазақстандықтардың тізімін жариялады. Табысты жастар көшін есімі әлемге танылған Димаш Құдайберген мен актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова бастаған. Сондай-ақ, аталған тізімге Скриптонит пен Jah khalib те енген.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
MTV Music Awards, Top Chinese Music Awards, Hollywood Music In Media Award – бұл Димаштың қоржынындағы халықаралық жүлделердің бір бөлігі ғана. Дәл осы себепті әйгілі басылым қазақ баласын табысты жастардың тізіміне қосуды жөн деп тапқан.
Халық арасында “Әминка-Витаминка” танылып кеткен блогер Әмина Малғаждар табысты жастардың қатарына кірді.
“Қазіргі кезде Әмина жалғыз өзі де, Әдиямен бірге де подиумдарға шығып тұрады. Бірақ, «Антенаның» атынан шыққан, және оның бренд-амбадассоры болғанды мақтан тұтамыз”, – дейді Әминаның анасы Арай Малғаждар.
Табыстылар тізіміне енген жалғыз вайнер Әмина емес. Танымал «Yuframe» тобы да бар.
Сондай-ақ, белгілі актриса әрі кинопродюсер Құралай Анарбекова табысты жастардың қатарына кірді.
“Қазақ кинотарихында «Жаужүрек мың бала», «Бизнес по-казахски» және мен продюсерлік еткен «Брат или Брак» атты картиналар ең табысты саналады. Үшеуінде де негізгі рөлді сомдадым”, – дейді Құралай.
Forbes басылымы ерек тізімді әзірлеуде хип-хоп орындушыларын да ұмытпапты. Атышулы рэпер Скриптонит пен Jah khalib та табысымен таңқалдырғандар қатарында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!