{metadescription}
ФОТО: Алматыда ағайынды екі бала бес күннен бері табылмай жатыр

ФОТО: Алматыда ағайынды екі бала бес күннен бері табылмай жатыр

Алматыда 12-16 жастағы ағайындылар бес күннен бері із-түзсіз кеткен.

Санат Сәдуақас мен Əрсен Сәдуақас 27 қазанда кешкі сағат 17-лер шамасында Шапық Шокин көшесіндегі №50 үйден шығып кеткен. Содан бері жасөспірімдердің жақындары олардан хабар ала алмай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Санат Мұратұлының бойы 165-170 см, шашы қара, арықша келген, ат жақты бала. Үйден шыққанда үстінде жасыл күртеше, аяғында қара көк туфли болған. Ал Əрсен Мұратұлының бойы 150-160 см шамасында, ат жақты, беті сопақша келген. Сары түсті күртеше мен көк трико киіп кеткен»,- делінген полиция таратқан хабарламада.

Құқық қорғаушылар жоғалған жасөспірімдерді көрген адамдар болса хабарласуын сұрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде