ВИДЕО: Жүк көлігінің шығып кеткен дөңгелегі 54 жастағы әйелді мерт қылды
КамАЗдан ұшып кеткен дөңгелек 54 жастағы мәскеулік әйелді мерт қылды.
16:20 02.11.2018
Мәскеу қаласында тас жолда таксиге отырғалы жатқан әйелді КамАз-дан ұшып шыққан дөңгелек соқты. Әйел тілге келместен ажал құшты. Соққының күшті болғаны соншалық, 54 жастағы сауда үйінің кассирі сол жерде тіл тартпай кетті. Ал дөңгелек қоқыс жинайтын камАздың артқы жағынан шығып кеткен.
Сауда үйінде касир болып істейтін әйел кешкі сағат 23.50-де жұмысын аяқтап, өзін күтіп тұрған «Шкода Октавия» таксиге отырмақ болған. Сол мезетте жолда бос КамАЗ келе жатқан. Рөлде отырған 51 жастағы жүргізуші артқы дөңгелегі шығып кеткенін байқайды. Сағатына 70 км жылдамдықпен келе жатқан жүк көлігі жолақтан ұшып шығып, жолдың шетіне құлдилаған. Сөйтіп көліктің дәу дөңгелегі таксиге жақындап қалған әйелді барып соққан.
Бес секунд өте сала оқиға орнына патруль көлігі жетті. Олар жүк көлігінің дөңгелегі шығып кеткенін алдында көріп, артынан келе жатыпты.
Енді жаяу жүргіншінің өліміне кімнің кінәлі екені анықталуда. Оған енді жүк көлігінің жүргізушісі мен оны жолға шығарған механик жауап береді.
Видео авторы: Новости сегодня
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!