{metadescription}
Бастығын өлтірген полицей оқиғаның қалай болғанын айтты

Бастығын өлтірген полицей оқиғаның қалай болғанын айтты

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында бастығын атып өлтірген полицейдің ақыл-есі дұрыс екені анықталды.

Мамандардың пікірінше, ол кісі өлтірген кезде физиологиялық аффект жағдайында болған.

Бұл туралы арнайы күзет басқармасының қызметкері 24 жастағы Серік Ғариф туралы сот-психиатриялық сараптама қорытындысында жазылған.

Серік Ғариф биыл 6 қыркүйекте табельдік тапаншадан 34 жастағы басшысы Рүстем Рақышевқа Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімі алдында оқ атты. Кісі өлтірген соң бірден полицияға берілген, деп хабарлайды sputniknews.kz

Сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша, Серік Ғарифтің дені сау, ақыл-есі дұрыс. Бірақ күдіктіні тексеріп шыққан мамандардың айтуынша, ол ұзақ уақыт қысым көру салдарынан туындаған физиологиялық аффект жағдайында қылмыс жасаған.

Серік Ғариф қылмысы туралы өзі толығымен айтып берді. Оның сөзіне сүйенсек, Рүстем Рақышевпен жұмыс істеген алғашқы күннен бастап, екеуі бір-бірін жақтырмаған. 

"Маған үнемі тиісіп жүретін. Қайта-қайта ескерту жасап, басқалардың көзінше төмендететін. Ешқашан дұрыстап амандаспай, үнемі тіл тигізіп жүрді. Осының бәрі біртіндеп жинала берді. Сол күні тағы да менің намысыма тиді. Содан соң менімен басқа қызметкерлерге қару алып, жұмысқа кірісуге бұйырды. Қару бөлмесінен тапаншаны алып, шыға бергенде, даладан Рүстем Рақышевты көрдім. Әдеттегідей аю сияқты қорбаңдап келе жатыр екен. Оны жек көретінмін. Жүріс-тұрысы жыныма тиетін. Артында келе жатып, тапаншамды шығардым да, аяғының астына оқ аттым. Содан соң, не көрінгенін білмеймін, қалай болса, солай оқ жаудыра бердім. Ол сұлап түскен кезде ғана тоқтадым", — деп Серік Ғариф сараптама кезінде жауап берген.

"Кері бұрылып, кезекшінің үстеліне келдім де, тапаншаны қойып: "Болдым" дедім. Басқа АІІБ қызметкерлері жүгіріп келіп, қолымды бұрады. Оқсауыттағы қалған оқ-дәріні тартып алыңдар дедім", — деп жалғастырды экс-полицей. 

Серік Ғарифтің ұзақ уақыт бойы күйзелісте жүргенін оның ағасы Сақауов та айтты. Күдікті 2015 жылы күзет қызметіне жұмысқа орналасқалы бері Чапаев ауылындағы сол ағасының үйінде тұрған. Сақауовтың айтуынша, Серік Ғарифтің мінезі тұйық, жұмысы туралы тіс жармаған. 

2017 жылы бір күні ағасы бауырының жұмыстан ұнжырғасы түсіп келгенін байқап қалған. Түскі ас кезінде неге көңіл-күйі болмай жүргенін сұраған. Серік Ғариф кенет жылап жіберіп, қатты шаршағанын, бұдан былай мұндай жағдайда жұмыс істей алмайтынын айтқан. Ағасы не болғанын сұрай бастағанда Серік Ғариф үстелден тұрып, үйден шығып кетіп қалған. Содан кейін оның үйіне екі күннен кейін келген және ешқашан жұмысында не болып жатқанын айтпаған.

Ұлының мінезі тұйық екенін күдіктінің әкесі Серік Ғариф растады

"Онда не болғанын, қандай себеппен өлтіргенін білмеймін. Ұлыммен кездесуге бірнеше рет бардым. Ол жанжалдың себебін айтпады. Анасымен жүздесуден бас тартып, мұнда келмеуін сұрады. Адвокат жалдауға тыйым салды, оған әлі күнге дейін тегін, мемлекеттік адвокат қызмет көрсетуде", — дейді Нұрлан Ғариф.

Рүстем Рақышевтің ата-анасы да жанжалдың себебін білмейді. Марқұмның әкесі Жасқайрат Рақышев сот- психиатриялық сараптаманың қорытындысымен келіспейді.

"Серік Ғариф ұлымды қасақана өлтірді, ешқандай аффект болған жоқ. Серік түсініктемесінде пышақ алып жүргенін айтты. Яғни ол бұл қылмысқа дайындалған", — дейді ол. 

Рүстем Рақышевтің туыстары күдіктіні қайта сараптамадан өткізуді талап етуде. Құжатта тергеуші көптеген  процессуальдық құқық бұзушылық жіберген, ал бұл құжатты заңсыз деп тануға негіз бола алатын көрінеді.   

Қазір бұл істі тергеу жалғасып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.