{metadescription}
Көлік терминалы ақшаңызды «жұтып қойса» не істеу керек

Көлік терминалы ақшаңызды «жұтып қойса» не істеу керек

Көлік картасын терминал арқылы толтырғанымен, ақша түспеген жағдайда жолаушы өтініш жазып, ақшасын 48 сағаттың ішінде қайтарып ала алады.

Бұл туралы қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында «Астана LRT» ЖШС төлем жүйесі департаментінің директоры Дәурен Нұрәлиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізде RTVM терминалдарда ақша салынғанымен, әртүрлі себептермен көлік картасына тқлемнің түспей қалған жағдайлары тіркелген. Егер терминалдағы белгілі бір қызметті дұрыс жүргізбеген жағдайда сәйкесінше, ақша түспей қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда әлгі адам кассаға жақындап, өтініш жазып, белгілі бір уақыттан кейін ақшаны қайтарып ала алады», - деді ол.

Дәурен Нұрәлиев аталмыш жағдайды жақсарту бағытында да қадамдар жасалғанын сөз етті.

«Бүгіннен бастап жүйеге өзгеріс енгіздік. Жолаушы терминалда көліктік картасын толтырғанымен, ақша түспесе түбіртегі арқылы оған 48 сағаттың ішінде ақшасы қайтарылып беріледі», - деді компания өкілі.

«Астана LRT» ЖШС қызметкері сондай-ақ, терминалдардың қағаз ақшаны қабылдамау жағдайына қатысты пікірін білдірді.

«Біздің қалада қазіргі таңда 30 RTVM терминал (көлік картасын толытратын) бар. Оның 13-і сыртта, яғни аялдамалардың қасында тұрса, 17-і түрлі ойын-сауық орталықтарында орналасқан. Бұлар қыста да ыңғайлы, себебі бұл терминалдар 2016 жылдың қараша айынан бастап тұр», - дейді Дәурен Нұрәлиев.

Оның айтуынша, компания қазіргі таңда терминалдарды жаңарту жағын қарастырып жатқан жоқ.

«Себебі, терминалдардың бағасы өте қымбат болғандықтан, алдыңғы жұмада өткен дөңгелек үстелде айтылғанындай, көлік картасын жылдам толтырудың жаңа әдістерін (QR-код арқылы) таптық. Ол туралы айтылып та жатыр. Желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде біз қала бойынша жүзге жуық агенттік, яғни пунктерді ашпақпыз. Терминалмен қазір қалай толтырсаңыз, ол пунктерде де келген мезетте толтыру мүмкіндігін береді», - деді Дәурен Нұрәлиев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде