{metadescription}
 Шымкент қаласының тұрғыны жұртты сан соқтырып кетті

Шымкент қаласының тұрғыны жұртты сан соқтырып кетті

Шымкент қаласының тұрғыны жұртты сан соқтырып кетті.

Түркістан облысы Келес ауданында бірнеше адамнан жұмысқа орналастыру үшін ақша алып, ізін суытқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Келес ауданының полиция қызметкерлері жұмысқа орналасуға көмек көрсету сылтауымен алаяқтықпен айналысып, жәбірленушілерден миллион теңгеден астам ақша жинап алған күдіктіні ұстаған. 

"2018 жылдың қазан айында жергілікті тұрғындар полция бөліміне арыз түсірген. Жәбірленушілер өз таныстары сеніміне кіріп, әрбірінен 200-500 мың теңге көлемінде ақша алып, жергілікті денсаулық сақтау мекемесіне жұмысқа орналастыруға уәде еткенін айтқан. Күдікті жалпы сомасы миллион теңгеден асатын ақшаны алып, қашып кеткен", — дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова. 

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні ұстаған.

"Күдікті ретінде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Оның үстінен қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", — деді баспасөз хатшысы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде