{metadescription}
Ақтөбе облысында анасы мен баласын атып кетті

Ақтөбе облысында анасы мен баласын атып кетті

Ақтөбе облысы, Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық ауылында анасы мен баласын атып кетті. 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Темір ауданының орталығы Шұбарқұдықта 58 жастағы анасы мен 23 жастағы баласы оқ жарақатымен емханаға түсті. Екеуі 30 қазан күні түнгі сағат 1:00-де ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған.

«Екі адам оқ жарақатымен ауруханаға түсті. Олардың ішкі құрылысына зақым келген. Дәрігерлер ота жасап, денедегі оқ-дәріні алып шықты. Жағдайлары орташа қалыпты. Санавиация шақырудың еш қажеті болмады. Аудандық ауруханада барлық жабдық бар, дәрігерлер өз күшімен ота жасады», - деді Темір аудандық ауруханасының бас дәрігері Есентемір Демегенов.

Айта кетейік, облыстық полицияның баспасөз қызметі сәлден кейін қосымша ақпарат беретіндігін хабарлады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде