{metadescription}
Алматыда ескі телефондарды тастайтын жәшіктер қойылды

Алматыда ескі телефондарды тастайтын жәшіктер қойылды

Алматының туристер мен қалалықтар жиі баратын орындарға қоқысқа айналған электронды құрылғыларды тастайтын арнайы жәшіктер орнатылды.

Тұрмыстық қалдықтарды түріне қарай жіктеп арнайы жәшіктерге салу оларды қайта өңдеуге аса тиімді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Промтехноресурс» компаниясы өкілдерінің айтуынша, Алматы орталығындағы мектептердің аумағына да арнайы қоқыс жәшіктері қойылып жатыр.

Қазір олардың жалпы саны 30-ға жеткен, бірақ жуық арада 60-тан асады. Әсіресе электронды құрылғыларды қауіпсіз жою мәселесі ірі қалалардың өзекті проблемаларының бірі болып отыр. Соңғы жылдары халық саны күрт артқан Алматы үшін де бұл маңызды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.