Генералдың ұлы балаларының көзінше аналарын жауыздықпен өлтірген
Тәжікстанда бұрынғы әйелін жауыздықпен өлтірген генерал ұлы 18 жылға сотталды.
09:21 03.11.2018
Душанбе қалалық соты Тәжікстан Жоғарғы экономикалық сотының экс-хатшысы Бободжон Ширинзоданы бұрынғы әйелін жауыздықпен өлтіргені үшін 18 жылға соттады. Ширинзода 6 маусымда бұрынғы әйелі Мохира Ятимованы балаларының көзінше 13 мәрте пышақтаған.
Марқұмның туыстары сот шешіміне келіспейді, олар жоғарғы сот инстанциясына шағымдануды көздеп отыр. Бободжон Ширинзода сотта әйелді есін білмей өлтіріп алғанын ескеруін өтінген. Бірақ сот сараптамасы бұны жоққа шығарған.
Бободжон Ширинзода – генерал Раджабали Шириновтың ұлы. Ширинов кезінде Тәжікстанның қаржы милициясын басқарған. Генерал бұл қызметтен 2015 жылы шығып қалды. Бободжон Ширинзода мен Мохира Ятимова 2007 жылы үйленген. Олар екі жыл бұрын ажырасып кеткен.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!