Толассыз жауған жауын салдарынан 10 адам көз жұмды
Италияның Сицилиясындағы Палермо орталығында нөсер жауынның салдарынан болған су тасқынынан кемінде 10 адам мерт болды.
08:47 05.11.2018
Агенттіктің мәліметтерінше, мерт болған 10 адамның 9-ы бір отбасының мүшелері. Олардың денелері Кастельдачча коммунасындағы өзеннің жағалауынан табылды.
Толассыз жауын салдарынан Каммарата қаласына жақын маңдағы өзеннің суы тасып, автокөліктерді шайып кеткен. Қайғылы оқиға жексенбіде түнгі уақытта Палермо провинциясындағы Кастельдачча қаласында болған. Нөсер жауын салдарынан Милича өзені арнасынан асып кетіп, жағалауда орналасқан виллардың бірін басып қалған.
Сицили орталығы - Палермо әкімшілігінің билігі екі күндік қаралы күн жариялады. Италия премьер-министрі Джузеппе Конте жексенбіде Сицилияға ұшып барды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары