{metadescription}
ФОТО: Алматыда көлік көпірден ұшып, өзенге құлап кетті

ФОТО: Алматыда көлік көпірден ұшып, өзенге құлап кетті

Үш адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты Сәтпаев көшесінде Есентай өзенінде болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Toyota Camry 10 мен Toyota Camry 50 Сәтпаев көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатады.

Неге екені белгісіз, Toyota Camry 50 Toyota Camry 10 көлігін артынан соққан. Cодан соң жүргізуші көлікті оңға бұрып, бордюрге шығып кетті де, металл қоршауды бұзып, өзенге құлап түсті.

Көлік жеті-он метр биіктіктен құлап, аударылып қалған. Оқиға салдарынан Toyota Camry 50 көлігінде болған төрт адам зардап шекті. Олардың үшеуі ес-түссіз ауруханаға жеткізілген. Жол апаты орнында полиция мән-жайды анықтап жатыр.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде